Қазфинтех онлайн-микрокредиттеу секторында алаяқтық схемалардың көбеюі туралы ескертеді.
Онлайн микроқаржы ұйымдарының атын жамылып, қазақстандықтарға жеке деректерін алу мақсатында шағын несие ретінде ақша алуды ұсынатын алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті.
Онлайн микрокредит алмас бұрын, сіз өтініш беруді жоспарлап отырған МҚҰ-ның Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚРҚНРжДА) берген лицензиясы бар екеніне көз жеткізуді ұсынамыз.
Сондай-ақ, МҚҰ «Қазақстандық ФинТех қауымдастығының» толыққанды мүшесі екендігін тексеру ұсынылады, бұл МҚҰ қызметтері барлық заң талаптарына сәйкес көрсетілетінін білдіреді. ҚНРжДА лицензиясы бар МҚҰ-ның толық тізілімі www.kazfintech.kz қаржы сайтында орналастырылған. Егер сіз алаяқтарға тап болсаңыз, ҚазФинТех жанындағы микроқаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығына хабарласуыңыз қажет. Орталық қаржы қызметтерін тұтынушылар мен МҚҰ арасындағы дауларды реттеумен айналысады, онда сізге ҚР микроқаржы қызметі мәселелері бойынша әрдайым тегін кеңес беріледі.