«Қазақстандық ФинТех Ассоциациясы» ЗТБ (бұдан әрі – «КазФинТех») «I-Credit» МҚҰ ЖШС мекемесінің «КазФинТех» мүшелігінен шығарылғаны туралы ресми хабарлайды.
«I-Credit» МҚҰ ЖШС, Қазақстан Республикасы заңдарының, «КазФинТех» арасындағы шарттың, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын жүйелі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзумен қызметті жүзеге асыруға байланысты «I-Credit» МҚҰ ЖШС мекемесі КазФинТех мүшелердің кезектен тыс жалпы жиналысы негізінде 2023 жылғы 19 желтоқсаннан бастап «КазФинТех» мүшелігінен шығарылды.
«I-Credit» МҚҰ ЖШС интернет-ресурсында орналастырылған «КазФинТех»-ке мүшелігі туралы ақпаратқа қатысты барлық материалдар 2023 жылғы 19 желтоқсаннан бастап өзекті емес болып табылады.
Бұдан басқа, «I-Credit» МҚҰ ЖШС «Микроқаржы қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 21.12.2023 жылғы № 121 бұйрығына сәйкес микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылды.