Алматы, 12 ақпан, 2024. «Қазақстан ФинТех қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі және «Қазақстан Коллекторлары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Азаматтардың микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешегін әлеуметтік-бағдарланған өндіру мәселесі бойынша өзара әрекеттесу және ынтымақтасу туралы меморандум жасасты.
Алексей Сидоров, Қазақстан ФинТех қауымдастығының негізін қалаушы, Кеңес Төрағасы: «Біз онлайн микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға үндеу жасаймыз. Егер қиын жағдайға түсіп, көмекке мұқтаж болсаңыз, Сізге ФинТех қауымдастығына немесе Коллекторлар қауымдастығына болмаса Коллекторлар қауымдастығының Мүшелері болып табылатын Колекторлық агенттіктерге мерзімі өткен берешекті қайта құрылымдау мүмкіндігін қарастыру туралы өтінішпен жүгіну қажет. Бұл қиын жағдайдан біздің ортақ ынтымақтастық бағдарламамыздың көмегімен шығуға көмектесетін тиімді шешім».
Әзірленген және қол қойылған Меморандумның мәні тараптардың Қазақстан азаматтарына қиын қаржылық жағдайға түскенде көмек көрсетуге бағытталған ортақ және жеке шараларды жүзеге асыру бойынша міндеттемелерін анықтау болып табылады. Осындай әрбір жағдай жеке тәртіппен қаралады және консультациялық көмек көрсетіледі.
Көмек алу үшін Коллекторлар қауымдастығына info-akk@kzcollection.kz электрондық поштасы арқылы, +7 776 508 33 00 телефон нөмірі бойынша хабарласу, https://kzcollection.kz/ сайтында өтінім беру керек. Сондай-ақ ФинТех қауымдастығына +7 771 933 34 44, +7 771 228 69 09 телефон нөмірлері бойынша, manager@mfohelp.kz электрондық пошта мекенжайына жүгінуге болады.
«Қазақстан ФинТех қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі 2015 жылғы қазан айында тіркелген. «Қазақстан ФинТех қауымдастығын» құру мақсаты – онлайн-кредиттеу нарығында жұмыс істейтін компаниялардың нарықты және жалпы финтех-индустрияны дамытуға, сектор компанияларының ортақ мүдделерін ілгері шығаруға және қорғауға, сондай-ақ тұтынушыларды қорғауға бағытталған қызметін үйлестіру және шоғырландыру.
2008 жылдың желтоқсанында Қазақстандағы алғашқы «Қазақстан Коллекторлары қауымдастығы» ЗТБ құрылды. Қауымдастықтың стратегиялық мақсаты – өндірудің этикалық нормаларын сақтай отырып, мерзімі өткен берешекті ел экономикасына тиімді қайтаруды қамтамасыз етуге көмектесетін ашық және өркениетті коллекторлық қызметтер нарығын құру болып табылады.